Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде полиция қызметкеріне дөрекі мінез көрсеткен мас тұрғынның видеосы желіге тарады

24 January 2022 16:43

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде арандатушының әрекеттеріне салқынқандылық танытқан полиция қызметкерлері туралы видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода шақыртуға келген полиция қызметкеріне ер адам балағат сөздер айтып, оны арандатуға тырысады. Желі қолданушылары учаскелік полиция инспекторының сабырлығына сүйсінуде.

Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған видеодағы тәртіп сақшысы – Ертіс бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Алексей Баландин. Алексей мемлекеттік тілді жетік меңгерген.

«20 қаңтарға қараған түні кезекшілікте болған едім. Негізінен, адамдар түнде тыныштықтың бұзылғандығы туралы шағымдармен жиі жүгінеді. Осы жерге сондай қоңыраулардың бірі бойынша келдім. Есікті ашқан азамат мас болды. Бізді камераға түсіре бастады. Күн сайын осы сынды жағдайларға тап болып жатамыз. Басты міндетіміз – азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу», - дейді А.Баландин.

Айта кетейік, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына (тыныштықты бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.






Up