Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды

22 October 2021 21:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында пәтерден 19 млн теңгенің мүлкін ұрлаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына хабарласқан тұрғын пәтерін белгісіз біреулердің тонап кеткенін жеткізді.

Есікті бұзып ішке кірген олар 19 млн теңгенің мүлкін ұрлап кеткен.

«Аталған факті бойынша дереу ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі көлемде жасалған ұрлық) тергеу амалдары басталды. Іздестіру шаралары барысында 3 күдікті ұсталды. Олардың бірі Жарма ауданы Жаңаөзен ауылының 47 жастағы тұрғыны болса, 36 жастағы екеуі - Өскемен тұрғыны. Ер адамдар өз кінәсін толық мойындап отыр», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.




Тергеу барысында күдіктілердің бірінің саяжайында заңсыз сақталған қару анықталды.

Тінту жүргізген полицейлер 9 мм калибрлі тапанша мен үш оқ тапқан. Зауыттық әдіспен жасалған қару атуға жарамды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.



Up