Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде алаяқ ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңгені қолды еткен

27 May 2022 01:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңге пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 28 жастағы азамат ипотека рәсімдеуге көмектесетіндігін айтқан алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Жәбірленушінің жеке деректерін алған ол банктің мобильді қосымшасы арқылы 3 млн теңге несие алып, өз қалтасына басқан.

«Сондай-ақ 51 жастағы қала тұрғынынан осыған ұқсас арыз түсті. Ер адамның айтуынша, бейтаныс біреу жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотекалық несие алуға көмек көрсетемін деп оның телефонына орнатылған мобильді қосымша арқылы 6 млн теңге несие алып, өзінің банк шотына аударған», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 24 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 26 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылғанын хабарлаған едік.



Up