Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскемен мен Семейде биыл 60 мың ағаш отырғызылады

25 May 2022 00:24

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларында биыл 60 мың ағаш отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстандағы қалалар мен аудандарды көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілмек. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтылды. Жалпы өңір бойынша миллионға жуық ағаш отырғызылады деп күтілуде.

Биыл Өскемен мен Семейде 30 мыңнан, Риддер мен Алтай қалаларында 15 мыңнан көшет отырғызу жоспарланып отыр.

«Облысты көгалдандыру жұмыстарына тек коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындар да атсалысуы қажет. Коммуналдық қызметтер тасжолдар бойына, алаңдар мен саябақтарға, ал жұртшылық өз аулаларына ағаш ексін», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда биыл 7,5 мың түлек ҰБТ тапсыратындығын хабарлаған едік.

Up