Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды

17 June 2021 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұртілеу Иманғалиұлы – өзінің эфирдегі үлгісімен Қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға. Біздің мақсатымыз – осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Екіншіден, бұл болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға көрсеткен қолдауымыз», - дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.

Үміткер Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуі тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады. Грант иегерлерін (екі жеңімпаз) «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.

Стипендия әр жеңімпазға 2021-2022 оқу жылына беріледі. Жұмыстар 2021 жылғы 28 маусым – 28 тамыз аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.


Up