Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі саудалаушы ұсталды

30 July 2021 14:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер астана аумағындағы есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды сатумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде психотропты заттар қойылған электронды таразы, есірткіні орауға арналған 350 полиэтилен пакет, 255 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат, сонымен қатар сатуға әзірленген «синтетикалық» есірткі табылды.

Тәркіленген есірткі дозалары бойынша бөлінді, нәтижесінде 90 рет қабылдауға болатын доза анықталған. Күдікті синтетиканы елорда аумағында сатпақ болған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімі 297-бабы «Есірткі немесе психотроптық және сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, тасымалдау немесе сақтау» бойынша айып тағылды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, сонымен қатар айыптының мүлкін тәркілеуді қарастырады.

Күдікті Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Up