Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакциналанды

11 May 2021 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцинаны 181 мыңға жуық адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде вакцинаның 1-компонентін 128 мың 700, 2-компонентін 52 мыңнан астам адам алды.

Қазіргі уақытта вакцинация пунктері медициналық ұйымдарда, сауда кешендерінде ашылған. Осылайша, егу кабинеттерінің саны жылжымалы бригадалар арқылы үш есе ұлғайтылды.

Қала бойынша сауда орталықтары мен сауда кешендеріндегі пунктер саны — 9. Олар «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр» және «Абу-Даби Плаза» сауда, ойын-сауық орталықтары, «Азия Парк» және «Биг Шанхай» сауда кешендері, Орталық базар, «Әлем» және «Астаналық»сауда орталықтары. Аталған егу аймақтарында шамамен 14 000 азамат вакциналанды.

Вакцинация пунктерінің кеңеюіне байланысты медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін қысқартылды, СОО үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады — сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Сондай-ақ, қалалық МСАК ұйымдарына QazVac отандық вакцинасының қалған дозалары таратылды. Бұл дозалар бірінші кезеңде алған азаматтардың жартысын вакциналауға арналған. Еске сала кетейік, сәуір айының соңында елордаға 6 мың қазақстандық препарат келіп түскен болатын.

Азаматтарды егу үшін ресейлік «Спутник» вакцинасының 90 мыңнан астам дозасы бар.

Қытайдан жеткізілген 7 400 вакцинаның қазір 6 700-ге жуық дозасы бар. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жақында басқарма қоймаларына Sinofarm Hayat-Vak вакцинасының тағы 7 400 дозасы келіп түсті.

Препараттардың дозаларын жеткізу кестеге сәйкес, сондай-ақ «СҚ-Фармация» және ҚР ДСМ тәртібі бойынша жүзеге асырылады.


Up