Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұр-Сұлтанда бала күтуші бірнеше ай бойы үй иесін тонап келген

23 January 2022 05:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында ірі ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін күтуші болып жұмыс істейтін қыз жұмыс берушіден 1 миллион теңге көлемінде ақша, зергерлік бұйымдар, гаджет және киімдер ұрлап келген.

Арызданушының айтуынша, ол күтушіні жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан.

Бастапқыда қыз екі балаға қарап, сенімге кіріп, отбасын жүйелі түрде тонай бастаған. Басында ақша жоғала бастады, оны жәбірленуші байқамады.

Күтуші алтын бұйымдарды, киім-кешек пен гаджетті ұрлай бастағанда күдіктене бастаған үй иесі полицияға хабараған.

Күтуші тұратын бөлмені тексеру барысында полицейлер ұрланған заттардың бәрін тауып, тәркіледі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті өз кінәсін мойындап, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.


Up