Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нөсер жауын, бұршақ, найзағай: Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

9 May 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық төтенше жағдайлар департаменті ескертті.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 10 мамыр күні шаһарда қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді» делінген департамент хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болатыны хабарланған еді.

«Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады» деп ескерткен «Қазгидромет».


Up