Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Найзағай, бұршақ, дауыл – 11 өңірде ескерту жарияланды

24 May 2022 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 25 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, орталық пен солтүстікте күші 15-20 м/с артады. Өңірдің орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің шығысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз шығыста екпіні 15-18 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.

25-26 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы таулы аудандарда 25 м/с артады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.


Up