Weather
Astana 14 °С
Almaty 23 °С
Exchange rates
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Мемлекет басшысы: Абайды ұлықтау – парызымыз

24 August 2019 02:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы ойшыл, кемеңгер ақынымыз Абайдың есімі қашан да қазақ халқымен қатар айтылады, артында қалдырған баға жетпес мұрасы - біздің қастерлі қазынамыз,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өзінің Instagram-дағы парақшасында. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ұлы ақынның есімі қашан да қазақ халқымен қатар айтылады, артында қалдырған баға жетпес мұрасы - біздің қастерлі қазынамыз. Келер жылы Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы келе жатыр, өздеріңіз білетіндей, мамыр айында Абайдың мерейтойын республикалық деңгейде атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойдым. Кемеңгер ақынның мұрасын насихаттау шараларына дайындық қазірден басталып кетті. Абайды ұлықтау – парызымыз», -деп атап өткен ҚР Президенті.

Up