Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысында қанша адам вакцина алғанын айтты

18 June 2021 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында 385 субъект «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтастай алғанда жағдай тұрақты. 26 мамырдан бастап облысымыз «сары» аймақта. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 16 пайызды құрайды. Ем алып жатқан науқастардың саны – 337. Облыс бойынша 12 стационарда 2 098 науқасқа инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек дайындалды», - деді облыс әкімі.

Оның дерегінше, ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Облыс бойынша барлық талаптарға сай келетін вакцинация салатын 41 екпе пункті ашылды.

«Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін алды. Өңірімізде қазіргі кезде 385 субъект «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеуде», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Up