Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ләззат Сүлеймен: Алматы трагедиясын тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті жүргізілуі тиіс

20 January 2022 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы трагедиясын тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті түрде жүргізілуі керек. Бұл жайында бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілуі, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті», - деді жазды Ләззат Сүлеймен.

Сондай-ақ, депутат асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет көмектесуі керек, зардап шеккендер үшін оңалту жүргізіп, курсанттарға, әскери және полиция қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау көрсету керек екеніне назар аударды.

«Сонымен қатар, Үкімет, қанды қасірет себептері мен салдарына қатысты терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, содырлар соққысы қайталанбайтындай шаралар қамтамасыз етілуі тиіс»,- деді сенатор.


Up