Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада полицейлер тайғақта жолдан шығып кеткен өзбекстандық жүргізушіні құтқарды

26 January 2022 17:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жолдың тайғақтығынан жолдан шығып кеткен өзбекстандық жүк көлігінің жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының тұсында болған. Ауа райының қолайсыздығы және тайғақтан өзбекстандық 45 жастағы азаматтың басқаруындағы ауыр жүк автокөлігі өздігінен жолдан шығып кеткен. Жүк көлігінің иесі айдалада жалғыз өзі қалып қойған.

«Оқиғаға байланысты жүргізушіні эвакуациялау жөнінде хабарлама келіп түсті. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобы оқиғаға орнына жетті. Олардың көмегімен ауыр жүк көлігі тас жолға қайта шығарылды. Жүргізушінің сапарын одан әрі жалғастыруына мүмкіндік жасалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында елсіз далада қалып қойған 19 адам құтқарылды.

8


Up