Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада коронавирусқа шалдыққандар арасында вакцина алғандар үлесі небәрі 0,4%-ды құрайды

15 January 2022 22:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққандар арасында вакцина алғандар үлесі небәрі 0,4%-ды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы иммундау мақсатында 106 екпе кабинеті жұмыс істейді. Бұдан бөлек, шалғайдағы елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізіледі.Аталған орындарда арнайы оқытылған медициналық персонал халыққа қызмет көрсетіледі. Онда арнайы тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған 36 жылжымалы бригаданың жұмысы ұйымдастырылған.

Облыс азаматтарын вакцинациялау «QazVac», «Sinovac», «Pfizer»

препаратарымен жүргізілуде.

«Қазірге дейін облыстағы тиісті контингенттің 92,4%-ы вакциналаудың 1-компонентімен қамтылса, 86,8%-ы вакцинациялаудың толық курсынан өткен. «Pfizer» препаратының 1-компонентін тиісті контингенттің 18,4% салдырса, 2-компонентін 10,2% алған. Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің басым көпшілігі екпе алмаған адамдар арасында анықталып отыр. Керісінше, вакцина алған азаматтар арасында вирусқа шалдығу деректері өте төмен. Ол небәрі 0,4%-ды құрайды. Вакцина алғандар арасында ИВЛ аппараттарына, жан сақтау бөлімдеріне жатқызу деректері тым аз. Бұл вакцинаның вирусқа қарсы тиімділігін көрсетеді», Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты.

Up