Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада бірыңғай байланыс орталығына төтенше жағдай кезінде 70 мың қоңырау түскен

17 January 2022 00:21

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада аймақтық 1414 бірыңғай байланыс орталығына төтенше жағдай режимі енгізілгелі 70 мың қоңырау түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірыңғай байланыс орталығы еліміздің 5 облысында ғана бар. Қызылорда қаласындағы орталықтың мамандары әр аймақтан қоңырау қабылдап, жауапты өңірлерге бағыт берді. Төтенше жағдай күрделі кезде орталық негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істеді.

Елде төтенше жағдай режимі енгізілгелі аймақтағы 1414 бірыңғай байланыс орталығына 70 мың қоңырау түскен. Оның басым бөлігі - жаппай тәртіпсіздік кезінде туған-туысының жоғалуына қатысты шағымдар.

Қазір мұнда 70 оператор көпшілікті толғандырған кез келген сауалдарға жауап беруде. Соңғы күндері тұрғындар тарапынан әлеуметтік төлемдерге, мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты сұрақтар да жиіледі, -деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.

Еске салсақ, юұдан бұрын Қызылордада төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды.

Up