Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді

28 September 2021 17:47

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жаңа оқу жылында оқуды дәстүрлі форматта бастаған 126 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталған. Салдарынан 126 оқу сыныбы 14 күнге карантинге жіберілді.

Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 жағдайы есепке алынған. Оларға эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалған.

«Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан бері бүгінге дейін мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 14 386 нысан қамтылды. Нәтижесінде 788 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Дегенмен карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де жалғасуда. Жыл басынан бері 500-ден астам той өткізу анықталды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Еске салсақ, Қызылордада «Ashyq» жүйесі арқылы оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталды.



Up