Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы қайта жанданды

17 January 2022 03:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы қайта жанданып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жолаушылар тасымалы қайта жанданды. Облыс аумағындағы 205 елді мекен жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілді. Ал темір жол саласы бойынша 24 жүк поездің барлық рейстері қайта қалпына келтіріліп, кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Алматы-Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуе қатынасы қайта іске қосылды. Қазіргі таңда «Қорқыт-ата» әуежайынан Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына әуе рейстері кестеге сәйкес жүргізілуде.

«Облыс пен аудан орталығын қосатын барлық бағыттағы жолаушылар тасымалы мен қалаішілік автобустар уақытылы қызмет көрсетуде. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты барлық жолаушылар тасымалы сақтық шараларымен қамтамасыз етілді», - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бірыңғай байланыс орталығына төтенше жағдай кезінде 70 мың қоңырау түскен.

Up