Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында 36 мыңнан астам адам ауыл әкімі сайлауында дауыс бере алады

25 July 2021 12:28

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сағат 11.00-ге дейін тұрғындардың 23,6% әкім сайлауына келіп өз таңдауын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс бойынша 54 сайлау учаскесі бар. Онда 304 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Өңірде 36 071 адам сайлауы ретінде тіркелген. Сағат 11.00-ге дейін 8501 адам сайлау учаскесіне келіп үлгерді. Ол 23,6% құрап отыр.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 1172 – 14,6 %.

Қазалыда 3 округте 2673 сайлаушы бар. Қазірге едйін олардың 970-і дауыс берді. Бұл 36,3%-ды құрайды.

Қармақшыдағы 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушының 509-ы сайлау учаскесіне келді. бұл - 14,9%.

Жалағаш ауданындағы 4 округте 5 учаске бойынша 3596 сайлаушының 680-ы таңдау білдір. Ол 18,9%-ға жетті.

Сырдарияда 3 округте 2808 сайлаушы бар. Келушілер саны -779 адам.

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы тіркелген. Келушілер саны -1815 адам, бұл - 43,0 %.

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша орналасқан. Онда 11340 сайлаушының 2576-ы таңдау жасады. Ол – 22,7 %-ды құрайды.

«Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталмады. Арыз-шағым түскен жоқ. Облыс бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық емес ұйымдардың, сенім білдірген адамдары мен байқаушылардан 313 адам байқау жүргізуде», - деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.



Up