Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге Алматыда ескерткіш орнатылды

25 June 2021 15:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау аудандық полиция басқармасының базасында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған ескерткіш орнатылды.

Іс-шараға Алматы Полиция департаментінің басшылығы, аудандық полиция басқармасының жеке құрамы, ардагерлер кеңесінің өкілдері және қайтыс болған қызметкерлердің туыстары қатысты.




«Ескерткіш құқық қорғау органдарының қатарында және олардың туыстары мен әріптестерінің есінде мәңгі қалған тәртіп сақшыларының құрметіне ашылды. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында 37 алматылық полицей қызметтік міндеттерін орындау барысында, қылмысқа қарсы күресте қайтыс болды. Біздің қасиетті борышымыз – олар туралы естелікті құрметтеу, олардың ерліктерін мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және отбасыларына барлық жағынан қолдау көрсету», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.




Спикердің айтуынша, бұдан былай ескерткіштің аясында жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтеді, ал мереке күндері салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Up