Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғыз-тәжік кикілжіңінен қандай сабақ алуымыз керек – депутат пікірі

28 January 2022 23:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Андрей Линник Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңалықтардан белгілі болғандай, жанжал шешілген, дегенмен қырғыз және тәжік тарапынан зардап шеккендер бар, қаза тапқандар да бар. Бұл біздің шекарамызға жақын маңда орын алды және тағы алаңдатқан нәрсе – ҰҚШҰ елдерінің аймағында болғаны. Тәжірибе көрсеткендей, біз де қаңтар айында осындай оқиғаларға тап болдық. Бұл тағы да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғанысымызды, қарулы тұжырымдамамызды ноу-хау тұрғысынан қайта қарау бойынша зор көңіл бөлу қажеттігі туралы іс-қимылдарының дұрыстығын көрсетті. Біз озық технологияларды қолданып, қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне мұқият мән беріп, кәсіпорындарымызға тапсырыс беруге тиіспіз. Біздің елімізде әскери қайықтар мен теңізге арналған басқа да техниканы өндіре алатын кәсіпорындар бар екенін білеміз. Алматы облысында әскери мақсаттағы озық жабдықтар шығаратын зауыттар бар. Біз экспорттаушы да бола аламыз. Біздің техникаларымыздың экспортталатыны да жасырын емес», - деді А. Линник агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Депутат осылайша шекарамыздың нығайғанын білуге болатынын және ҰҚШҰ-ға қатысушы елдерге уақытылы көмек көрсете алатынымызды жеткізді.

«Мұндай оқиғалардың неге сол аудандарда болатыны ешкімге құпия емес, өйткені шекарада тұрақсыз Ауғанстан бар. Тиісінше, жанжал шығаруға мүдделі белгілі бір топтар бар. Мұның тұрмыстық жанжал еместігіне сенімдімін. Ұйықтап жатқан топтар ауық-ауық бас көтеруде. Оған назар аударғанымыз да дұрыс. Бұл жағдайда ҰҚШҰ қатысушы елдер баса мән беруі керек, өйткені екі тарап та ҰҚШҰ құрамында. Бәлкім кездесу ұйымдастырып, осы мәселе бойынша белгілі бір стратегияны әзірлеп, талқылау керек шығар. Және оны бұдан әрі қайталанбауы үшін қисынды қорытынды түю керек», - деді Андрей Линник.

Еске сала кетсек, кеше Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қақтығыс болып, екі елдің әскери қызметшілері Баткен ауданына қарасты Төрт-Көчө деген жерде бір-біріне оқ жаудырды.

Қарулы қақтығыс салдарынан шекарашылар, сонымен қатар тәжік тарапынан бейбіт тұрғындар мерт болғаны туралы ақпарат бар.

Up