Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасымен кездеседі

2 December 2021 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 28 мәрте шеберлік байқасты. Оның 11-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің біреуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің үшеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Динамо» соңғы алты кездесудің бесеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын елордада ресейлік «Витязь» (Подольск) командасына есе жіберді.

Ал «Динамо» өз айдынында Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын жеңді.

Қазір «Барыс» 33 ойыннан кейін 30 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді. Ал «Динамо» 46 ұпаймен 7-орында тұр.


Up