Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

20 October 2021 00:57

МИНСК. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Командалар тартысты ойын өткізді. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашты. Олардың қатарынан 1-минутта Якоб Лилья гол соқса, ол 7-минутта есепті үстемелей түсті.

Одан кейін 10-минутта «Динамо» сапынан Артём Демков мергендік танытты, 19-минутта Маттиас Теденбю таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 27-минутында Даррен Диц «Барысты» тағы алға шығарды. Ал 35-минутта Маттиас Теденбю есепті теңестірді. Даррен Диц 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның үшінші кезеңі де тартысты өтті. Беларусьтік хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Илья Усов – 45, Марио Кемпе – 51, Тайлер Граовац 52-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Қазақстандық командадан Якоб Лилья 52-минутта кездесу барысында хет-трик авторы атанды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласына 5:6 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 22 қазанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» ресейлік СКА командасын жеңген еді.


Up