Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР үздік әскери қызметшілерін Халықаралық армия ойындарына іріктеу жүріп жатыр

12 April 2021 16:18

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығында «Әлем жауынгері» байқауына қазақстандық әскери қызметшілерді іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды. Әскери-кәсіби шеберліктегі жарыстар Халықаралық армия ойындары шеңберінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

250 әскери қызметшінің ішінен 27 адам: 17 ер адам және 10 әйел адам іріктелді.

Енді олар тағы бір кезеңде бәсекеге түседі, себебі негізгі құрамға тек төртеуі кіреді.

Байқаудың әскери-спорттық кезеңіне жүз метрге жүгіру, қашықтыққа граната лақтыру, кедергілер жолағынан өту, жылдам қозғалу және «спортшы» кешенді эстафетасы, сондай-ақ әскери-кәсіби кезең – автоматпен жаттығу кіреді. «Мерген» атыс даярлығы бойынша жарыстар ату бойынша әртүрлі нормативтерді орындауды көздейді.

Әлем жауынгері тек жоғары, күшті және жылдам болуы тиіс, сонымен қатар тарих бойынша білімін тексеретін «Эрудит» сайысында емтихан тапсырып, «Кавалер/Сударыня» байқауының шығармашылық кезеңіне қатысуы керек.

«Іріктеуге барлық әскери бөлімдердің, өңірлік қолбасшылықтардың жәнеҚазақстан Қарулы Күштері түрлерінің үздік өкілдері қатысты. Үміткерлер жоғары деңгей, ерік күшін және жеңіске деген ұмтылысты көрсетеді», - деді «Астана» ӨҚ штаб-сержанты Қуандық Мадияров.





Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық команда «Әлем жауынгері» халықаралық байқауында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, 2016 жылы Ресейде біздің әскери қызметшілер жалпы командалық есепте үшінші, 2017 жылы Беларусьта – екінші, 2018 жылы Арменияда – бірінші болды.

Халықаралық армия ойындары алдағы 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ әлемнің 15 елінде 34 халықаралық байқау ұйымдастырылмақ.


Up