Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Премьер-Министрі сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды

17 October 2021 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының ресми парақшалары

@primeminister.kaz

@primeminister.kz

@PrimeMinister.int

фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Facebook платформасымен аккаунттарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпаратты PrimeMinister.kz сайтыннан және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан біле аласыздар», - деп жазды З. Нұрланова


Up