Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

23 July 2021 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 19-21 шілде аралығында ҚР Әділет министрі М.Б. Бекетаев Мемлекеттік департамент, Әділет министрлігі, Конгресс, құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен және АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесулерде демократиялық қайта құрулар мен адам құқықтары саласындағы жұмысты қоса алғанда, Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының ауқымды мәселелері талқыланды.

21 шілдеде Әділет министрі Халықаралық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Сондай-ақ, М.Б. Бекетаев АҚШ Бас прокуроры орынбасарының көмекшісі Брюс Шварцпен кездесті.

Олар құқықтық жүйелерді дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.








Up