Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайдың орталық көшесінде әйел адамды өлтіріп кеткен

16 June 2021 20:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство.

Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған.

ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.

Up