Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда тасжолдағы апат: көліктегі баланы арнайы құралмен шығаруға тура келді

21 October 2021 22:34

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысындағы аудандардың бірінде ірі көлік апаты болып, үш адам зардап шекті. Олардың арасында бала бар, деп хабарлайды ҚпазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «NissanLargo» маркалы автокөлік иесі рульді игере алмай, жолдан ұшып кеткен. Алтынсарин ауданы Б.Чураковка – Приозёрное аудандық маңызы бар тасжолда аударылып қалған.

«Сағат 9:23-те құтқарушылар келген кезде оқиға орнында жедел жәрдем жұмыс істеп жатқан. Көлікте 4 зардап шегуші болды, олардың бірі 2013 жылғы бала. Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен сынған терезеден шығарып алып, оны жол-жөнекей көлікке салып, Алтынсарин аудандық ауруханасына жеткізді», - деді ТЖД-дан.




Жол-көлік оқиғасы болған жерден ауыр жарақат алған басқа да зардап шегушілер Алтынсарин аудандық ауруханасына жеткізілді.

«2000 жылғы жас жігіттің кеудесі мен тізесі жарақаттанған. 1981 жылғы ер адамның қабырғасы сынып, қолы тілініп кеткен. 1979 жылғы РФ азаматшасының іші жарақаттанып, қабырғасы сынған. Үшеуі де дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты», - деді департаменттен.


Up