Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, пәтерде болған әйел мен еркек күйіп қалды

20 October 2021 21:18

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, тұрғындары эвакуацияланды, олардың арасында зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазан күні сағат 00:47-де қаладағы Чкалов көшесінде бес қабатты үйдегі пәтерден өрт шыққан. Өрт туралы «101» нөміріне көршілері хабар берді.

Өрт сөндірушілер төтенше оқиға орнына бірнеше минуттан соң келіп, екінші қабатта орналасқан пәтерде 7 шаршы метр аумақта жиһаз, терезе және пластик балкон өртеніп жатқанын анықтаған.

Пәтер ішінде екі адам: 1969 жылғы ер адам мен 1975 жылғы әйел болды.

Құтқарушылар әйелден терезеден шығарды, ал балдақтың көмегімен жүрген ер адамды пәтер есігі арқылы эвакуациялауға тура келген.




«Құтқарушылар зардап шеккендерді медициналық қызметкерлерге тапсырды. Әйелдің денесін 10-19 пайыз күйік шалса, ал пәтер иесі болған ер адамның денесінің 30-39 пайызы күйген. Оған қоса, екеуінің де алкогольді мас күйде болғаны анықталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде зардап шеккендер Қостанай қалалық ауруханасында жатыр.

«Өрт сағат 01:23-те сөндірілді. Оқиға орнында 3 техника мен жеке құрамның 10 қызметкері жұмыс істеген. Өрт кезінде үйдің барлық тұрғындары (20 адам, соның ішінде 5 бала) өз бетінше шықты, олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ», - деп түйіндеді ТЖД-дан.





Up