Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында жемқорлық қылмыстар залалының 99,9%-ы қайта қалпына келтірілді

28 July 2021 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлық саласында орын алған қылмыстан келген залалдың 99,9%-ы қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облыстық департаментінің директоры Қуаныш Бекбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 6 айдың ішінде біздің департамент 42 қылмыстың бетін ашты. Оның 39-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Өткен жылдың осы уақытында 86 қылмыс жасалып, оның 73-і жемқорлық әрекет болды. Нәтижесінде 22 адам жауапқа тартылып, оның 7-еуі түрлі деңгейдегі лауазымды тұлғалар болды. Ал 2020 жылы 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Есесіне сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдарынан мемлекетке келген залалдың орнын толтыру 2 есеге артты. Атап айтқанда, өткен жылы 330 млн теңге қайтарылса, биыл 706 млн теңгені құрап отыр. Осылайша облыс бойынша келген залалды қалпына келтіру көрсеткіші 99,9%-ы» құрайды, - деді Қ. Бекбасов агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоғары көрсеткішке сыбайлас жемқорлық іс-қимылға қарсы жүргізілген кеңауқымды мониторингтің нәтижесінде қол жетіп отыр.

«Облыс аумағында ұжымдарға қылмыстың кодекстің 200 бабына өзгерістер енгізілуіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақтағы 5 лауазымды тұлғаның іс-әрекеті әдеп кеңесінде қаралды, оның қорытындысы бойынша қызметтен босатуға дейін алып келді. Мысалы, қызметтен босатылған Қостанай облыстық аумақтық инспекцияның бұрынғы басшысы кеңес шешімімен келіспей, сотқа жүгінді. Дегенмен 2021 жылдың 30 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа аудандық сотының шешімімен оның өтініші қанағаттандырылмады», - дейді ол.

Бұған дейін аталған өңірде ауыл шаруашылығын субсидиялаудың ашықтығына талдау жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Up