Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қостанай облысында 300-ден астам дәрігер жетіспейді

17 May 2022 21:01

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірде акушер-гинекологтар, фтизиатрлар, анестезиологтар мен онкологтар жетіспейді. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында дәрігер тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін ведомство басшысы Рүстем Айтбаев айтап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің денсаулық сақтау секторында барлығы 15 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның ішінде 1 920-сы – дәрігер және 6 059-ы – орта медициналық білімі бар қызметкерлер.

«Дәрігер кадрлардың тапшылығы - 347 адам. Оның ішінде ауылда 96 дәрігер жетіспейді. Кадр тапшылығы ең қатты сезілген медицинадағы салалар: акушерлік және гинекологияда 25, фтизиатрияда – 16, анестезиология және реаниматологияда – 12, кардиологияда – 5, онкологияда – 12, неонатологияда – 3, инфекциялық аурулар бойынша – 8 адам»,- деп хабарлады Р. Айтбаев.

Өткен жылы, облысқа 108 дәрігер келген, оның ішінде 100-і – медициналық жоғары оқу орындарының түлектері және 8-і – тәжірибелі дәрігерлер.

«Облыстық бюджет есебінен келген мамандарға қалалық жерде 1,5 миллион теңге, ауылдық жерде 2 миллион теңге көтерме ақы төленді. Биылдың өзінде облыс бюджетіненең сұранысқа көп ие мамандықтар бойынша дәрігерлерге төленетін төлемақылар өсті. Үстемақы анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерге, акушер-гинекологтарға, неонатологтар мен педиатрларға ауылдық жерлерге 5 млн теңгеге дейін, қалалық жерлерге 3,5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ кардиолог, онколог, инфекционист, психиатр, фтизиатр, гастроэнтеролог, невропатолог, патологоанатом, нефролог, аллерголог, гематолог, реабилитолог) мамандықтары бойынша дәрігерлерге төленетін төлемақы ауылдық жерлерде 3,5 млн теңгеге, қалалық жерлерде 2,5 млн теңгеге дейін артты»,- деп атап өтті ведомтсво басшысы.

Көтерме төлемақы төлеумен қатар ведомство дәрігер кадрларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Өткен жылы 44 дәрігерге тұрғын үй бөлінсе, медициналық ұйымдар есебінен 25 дәрігерге тұрғын үй жалдау ақысы төленеді.


Up