Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирустан әлемде 6,2 млн адам қайтыс болды

26 May 2022 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны бүгінде 527 339 770 жетті. Қауіпті індеттен 6 283 025 адам қайтыс болды.

Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы анықталған елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания бар.

Коронавирусты жұқтырған және одан көз жұмғандар саны:

АҚШ - 83 706 662 және 1 003 743,

Үндістан - 43 144 820 және 524 525,

Бразилия - 30 851 191 және 666 261,

Франция - 29 605 798 және 149 095,

Германия - 26 198 811 және 138 779,

Ұлыбритания - 22 462 129 және 178 973.


Up