Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус бойынша ахуал нашар: Мәскеудегі ҚР Консулдығы қабылдауды тоқтатты

21 June 2021 20:30

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Консулдығы коронавирус бойынша ахуалдың күрделенуіне байланысты азаматтарды қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті азаматтар! Мәскеу қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты және барлық келушілердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі барлық консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтатады.

Шұғыл мәселелер бойынша 8-925-897-71-17 «жедел желі» телефонына қоңырау шалуды сұраймыз.

Қалған сұрақтар бойынша consul.moscow@mfa.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады», - делінген Елшіліктің Telegram-каналында.

Мәлім етілгендей, 24 маусым - 8 шілде аралығына қабылдауға жазылған азаматтар кейінгі күндері кезек тәртібімен қабылданады.

«Келушілерді қабылдауды қайта бастау туралы РФ-дағы ҚР Елшілігінің интернет-ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады», - деп нақтылады ведомстводан.


Up