Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ

6 December 2021 17:27

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағалиға «Алматыда «омикрон» штамын жұқтыру жағдайлары бар ма және дәрігерлер коронавирустың жаңа түрімен ауыратын науқастарды қабылдауға дайын ба?» деген сұрақ қойылды.

«Бүгінге дейін қалада мутацияға ұшыраған «омикрон» штамынан туындаған коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Бірақ 5 зертханадан науқастардың материалдарын, яғни оң нәтиже берген ПТР зерттеулерін Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының филиалына жеткізу ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр», - деді спикер.


Up