Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қорғаныс министрлігі әскери ұшақтың автожолға қону себебін айтты

9 April 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында әскери ұшақ не себепті автожолға қондырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Атап айтқанда, Қазақстанның батыс өңірінде «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі аяқталды.

«Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты. Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды. Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Маңғыстау облысындағы «Ақтау-Жаңаөзен» автожолына әскери ұшақ қонды.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын жебе» оқу-жаттығу аясында әскери ұшақ жолға қондырылды.











Up