Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кореяда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңартылды

28 January 2022 09:43

СЕУЛ. YONHAP- ҚазАқпарат — Оңтүстік Кореядағы COVID-19 жұқтырғандардың күнделікті саны жұма күні тағы бір рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Корея ауруды бақылау және профилактика агенттігінің (KDCA) мәліметінше, елде 16 096 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркеліп, төртінші күн қатарынан рекорд орнады. Сейсенбі күні 8570 адам ауру жұқтырды. Күнделікті көрсеткіш 17 қаңтардан бастап төрт есе артқан.

COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 6678-ге жетті, бұл бейсенбіге қарағанда 24-ке көп.

Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі алдағы бірнеше аптада індетке шалдыққандардың саны күніне 100 000-ға дейін артуы мүмкін деп мәлімдеді.

Қоғамдық денсаулық сақтау орталықтарында және ірі ауруханаларда құрылған 250-ге жуық тестілеу станциялары антигендерге экспресс тесттерді де, полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) да қолданады. Адамдар қалағанын өздері таңдайды.

KDCA мәліметінше, жұмадағы жағдай бойынша 26,35 миллион адам немесе 52 млн тұрғынның 51,4 проценті қайта екпе алған. Жалпы екпе алғандар саны 43,93 миллионға жетті, бұл 85,6 процентті құрап отыр.


Up