Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көктайғақ: Семейде 6 көлік соқтығысты

16 October 2021 14:53

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында көктайғақтан 6 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 16 қазанда сағат 08.30-да жаңа көпірде болған.

«Lada Granta маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақтан рульді басқара алмай қалып Mitsubishi, Volgswagen және Hyundai көліктерімен соғылды. Соның салдарынан Hyundai көлігі тағы екі Toyota көліктерімен соқтығысқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.



Up