Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде үсік жүреді

11 May 2021 01:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда 11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. 11-12 мамырда кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с болады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

11-12 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей жерлерде тұман түседі. 11-13 мамырда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с болады.

Тараз қаласында 12 мамырда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей уақытта тұман түседі. Күндіз 12, тәулік бойы 13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.

11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.


Up