Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның төрт өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

17 September 2021 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік - батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпісақталады.

Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Up