Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін екі елдің министрлері талқылады

26 July 2021 01:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ сілтеме жасап.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.


Up