Weather
Astana 10 °С
Almaty 23 °С
Exchange rates
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

17 September 2019 06:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 қыркүйек күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Up