Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

25 October 2021 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының түрлі құрылыс нысандарында құжатсыз жұмыс істеп жүрген 633 шетел азаматы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысының түрлі құрылыс нысандарында құжатсыз жұмыс істеп жүрген 633 шетел азаматы анықталды. Дәл осындай фактілер Шымкент қаласында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында белгілі болды. Заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілерге жауапкершілікке тартылды», - деді ол Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, азаматтарымыз да жеңіл жолмен пайда табу мақсатында шетелдіктерге тұрғын жай ұсынады немесе көші-қон заңнаасын бұзатын заңсыз көші-қонға көмек көрсетеді.

«Мәселен, осы жылдың қыркүйек айында еліміздің аумағына заңсыз келген 3 шетелдікке тұрғын жай берген. Аталған факті бойынша «тұрғын жай беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға» қатысты тексеру жүріп жатыр», - деп атап өтті Бауыржан Омаров.


Up