Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық жас теннисшілер Бішкектегі турнирде үздік шықты

23 May 2022 09:21

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан астанасы Бішкекте бесінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, алматылық Анастасия Крымкова жекелей сында финалға дейін жетіп, ресейлік Эмилия Катцқа есе жіберді – 3:6, 2:6.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық Стефания Шалахова жеңімпаз атанды. Ол қырғызстандық Владислава Андреевскаямен бірге финалда тартысты бәсекеде Анастасия Крымкова – ресейлік Полина Болотованы ұтты – 1:6, 6:1, 10:8.

Бозбалалар арасында Данир Қалдыбеков те жанкүйерлерін қуантты. Ол қазақстандық Олег Гусаковпен бірге соңғы бәсекеде отандасы Илья Ведмедь – өзбекстандық Артур Ибрагимовтен айласын асырды – 6:3, 7:6 (8:6).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.


Up