Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда болған жер сілкінісін тіркеді

18 May 2022 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақытымен сағат 13:47-де жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 831 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,9.

Тереңдігі - 100 км. Жер сілкінісінің сезілуі бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеген.


Up