Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық атлет гір көтеруден әлем чемпионы атанды

24 October 2021 21:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Сандықтау ауданының спортшылары гір көтеру спортынан әлем чемпионатында бір алтын және бір қол медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Венгрияда гір спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарысқа әлемнің 32 елінен ең мықты атлеттер қатысуда. Оның ішінде Ақмола облысы Сандықтау ауданының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, екі медаль жеңіп алды.

«Андрей Дулин 63 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, 95 келіде сынға түскен Владимир Прохоров қола жүлдегер атанды. Спортшылар бапкері Сергей Прохоровтың жетекшілігімен жаттығады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.


Up