Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық 3 таеквондошы Пара Азия ойындарына жолдама алды

29 May 2022 07:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БАӘ-нің Шарджа қаласында паратаеквондодан өткен Пара Азия ойындарына іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа Қазақстанмен бірге, Өзбекстан, Лаос, Филипин, Тайланд, Жапония, Бахрейн, Ирак, Иран, Индия, Непал және Монғолия мемлекеттерінен 70-ке жуық спортшы қатысты.

«Турнирде ел намысын 7 спортшы қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Олардың қатарында бірінші орын иеленген Алишер Гариполлаев, екінші орынды жеңіп алған Жанболат Қазиев пен Милана Красавцева, үшінші орынды еншілеген Бауыржан Көшербаев пен Нұрбек Жұмақан бар. Мұның ішінде Алишер Гариполлаев, Жанболат Қазиев және Милана Красавцева Пара Азия ойындарына жолдама алды», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінен.

Айта кетсек, аталмыш ойындар төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода болып келеді. Кезекті жазғы IV Пара Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтеді.

Up