Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізіледі

8 October 2021 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда үй жануарларын міндетті есепке алу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы (Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын) үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Оны жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген. Үй жануарларын міндетті есепке алу 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу де ұсынылады. Ал жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

«Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру құзырет беріледі», - деді ол.


Up