Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

23 October 2021 09:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (–44 687 + және 6 182 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 631 адамның жағдайы ауыр,

• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Up