Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 24 адам қайтыс болды

28 January 2022 09:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде тағы 24 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 148 жағдайы анықталды, қайтыс болды – 7 адам.

Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 994 дерегі тіркелді. Қайтыс болды – 5 260 науқас.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 12 558.

2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 204 769 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 194 адам.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша, елімізде коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 15 адам қайтыс болған еді.







Keywords: Коронавирус,
Up