Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда көлік құралдарымен мұнай өнімдерін әкетуге 6 ай тыйым салынды

30 April 2021 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда автомобиль көлік құралдарымен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу енгізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстармен әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салуда», - делінген хабарламада.

Бұл тыйым алты ай мерзімді көздейді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» тиісті бұйрық қабылданды.


Up